Путин Ердоғанға Украинадан астық экспорттауда делдал болғаны үшін алғыс айтты
Иран Ислам Республикасының президенті Эбрахим Раисидің төрағалығымен Тегеранда өткен саммит аясында Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Реджеп Тайып Ердоған кездесті.
Кездесудің басты тақырыптары Сириядағы террористерге қарсы күрес және украин астығын экспорттау мәселелері болды.
TRT World агенттігінің хабарлауынша, Ердоған келіссөздердің басты тақырыбы сириялық босқындардың Түркиядан өз Отанына қауіпсіз және ерікті түрде оралуы екенін айтты.
Кейін мемлекет басшылары мәлімдеме жасап, Сирияға тиесілі мұнай кірістерін заңсыз басып алуға және беруге келіспейтіндіктерін білдірді.
Путин мұндай бағыттағы саммиттер Сириядағы қақтығыс аяқталғанға дейін жалғасуы керек екенін атап өтті.
– Сириялықтар өздерінің болашағы туралы шешім қабылдауы керек. Ресей, Түркия және Иран Сирия халқына көмектесу үшін бірге жұмыс істейді, – деді ол.
Кездесу барысында Путин түрік көшбасшысына Украинадан астық экспорттау туралы келіссөздерде делдал болғаны үшін алғысын білдірді.
Фото: Sputnik
Комментариев пока нет