Болат Назарбаевтың Қосбаевпен ешқандай байланысы жоқ – қор - Exclusive
Поддержать

Болат Назарбаевтың Қосбаевпен ешқандай байланысы жоқ – қор

«Салиқалы ұрпақ» қоры Болат Назарбаевтың Елдос Қосбаевпен байланысын жоққа шығарды.

ҚазТАГ агенттігінің мәліметінше, қоғамдық қор Болат Назарбаев 2016 жылдан бастап қайырымдылықпен айналысатынын айтқан.

– Болат Назарбаев пен оның ұлы Нұрболды Елдос Қосбаевпен байланыстыратын ешқандай іскерлік, серіктестік немесе басқа да қатынастар жоқ, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 19 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерлікке қарсы күресті күшейтуді тапсырған болатын.

20 маусымда қазақстандық журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

21 шілдеде ҚМА рейдерлік басып алуға күдіктілер ұсталғаны туралы хабарлады. Айыпталушылардың қатарында Елдос Қоспаев та бар. Оған іздеу жарияланды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.