Бас прокуратура Викрам Рузахуновты Қазақстанға қайта шақырды - Exclusive
Поддержать

Бас прокуратура Викрам Рузахуновты Қазақстанға қайта шақырды

Викрам Рузахунов тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Қазақстанға бірнеше рет шақырылды, келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Алматы, Алматы облысы полиция департаменті, ҰҚК қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынды.

Қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге бірнеше рет Қазақстанға шақырылды. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, оның келуі туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов құқық қорғаушылардың күш қолданғанын мәлімдеген болатын.
Рузахунов жауап алу кезінде танымал музыкант екенін айтқан. Бірақ полицейлер ақпаратты тексермеген.

– Жауап алу кезінде танымал музыкант екенімді қайта-қайта айттым, ал азаптау кезінде айқайлап тұрып, атымды интернет арқылы тексеруді өтіндім. Бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы бірде-бір адам кім екенімді тексерген жоқ. Мені келемеждеді, – деп жазды Рузахунов Instagram парақшасында.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.