Қостанай облысында 5 жасар қызды тікұшақ арқылы іздеп жатыр - Exclusive
Поддержать

Қостанай облысында 5 жасар қызды тікұшақ арқылы іздеп жатыр

Қостанай облысында 5 жасар қыз жоғалып кетті. Оны іздеу үшін тікұшақ пайдаланып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-те хабарлады.

– Жамбыл кентінен 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап іздеу іс-шараларын ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта қызды тікұшақтың көмегімен іздеп жатыр. Қыздың анасымен бірге аумақты айналып өтеміз. Іздеу операциясы қалай жүріп жатқаны туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Қостанай облысы Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. Бала сөйлемейді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бала 18 және 13 жастағы әпкелерінің қарауында болған. Олар таңертең оянғанда кішкентай қыз жоқ болған.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.