Бекболат Тілеухан паспортын көрсетіп, үндеу жолдады - Exclusive
Поддержать

Бекболат Тілеухан паспортын көрсетіп, үндеу жолдады

«Түркия азаматтығын алуға өтініш берді» деген экс-депутат Бекболат Тілеухан Стамбулдағы Қазақстан елшілігіне барып, төлқұжатын көрсетті.

Кейін Қазақстан Республикасының бас консулдығы алдында қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады.

– Ассалаумағалейкүм бауырлар. Мынау, Стамбул қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулдығы. Бұл аумақ Қазақстанның бір пұшпағы сияқты. Мен азаматтық алуға ешқандай өтініш берген жоқпын. Көк паспортым қолымда. Жұмысым қалпында. Стамбулда жүріп жатырмын, – деді қоғам қайраткері.

Айта кетейік, Бекболат Тілеухан желіде тараған ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеген еді.

Фото: скриншот




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *