Министр баласына мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанын айтты - Exclusive
Поддержать

Министр баласына мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанын айтты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына 36 мың теңге жұмсағанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында түбіртектердің суретін жариялады.

– Бүгін Үкімет отырысынан кейін менен ұлыма мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанымды сұрады. Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады, – деп жазды министр.

Аймағамбетов сатып алған затты растау үшін түбіртектердің суретін жариялады.

– Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын.
Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге. Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді. Министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өткім келеді. Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді, – дейді Аймағамбетов.

Фото: facebook /askhat.aimagambetov




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *