Тоқаев «Теңізшевройл» компаниясының шешімін құптады - Exclusive
Поддержать

Тоқаев «Теңізшевройл» компаниясының шешімін құптады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың

Кездесуде «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен алдағы уақыттағы өзара іс-әрекетінің негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты. Президент «Теңізшевройл» компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады.

Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу перспективалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.

Фото: Ақорда




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.