Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздікке күдікті емес – Бас прокуратура - Exclusive
Поддержать

Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздікке күдікті емес – Бас прокуратура

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер туралы қылмыстық іс аясында күдікті емес. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

– Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев күдікті емес. Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеген қылмыстық іс аясында куәгер ретінде жауап алынды, – деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтан қаңтардағы тәртіпсіздіктер ісі бойынша куәгер ретінде жауап алынды.

Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпан айынан бері Ішкі істер министрлігін басқарды. 2022 жылы қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден кейін Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметінен босатылып, 2022 жылдың ақпанында ҚР президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Фото: Спутник




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *