Мәскеуде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын атап өтті
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде қазақтың көрнекті ағартушысы, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған кездесу өтті. Кездесуге Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық студенттер қатысты.
Жиналғандар қоғам қайраткерінің шығармаларын оқыды. Ахмет Байтұрсынов қазіргі қазақ тілінің дамуына зор ықпал еткен, отандық лингвистиканың негізін қалаушы және алғашқы қазақ оқулықтарының авторы болды.
– Біз қазақ халқының кемеңгер ұлы Ахмет Байтұрсыновты еске алу кешін өткіздік, оның тұлғасына саяси жолымен емес, ақындық, педагогикалық жолымен қарадық. Ахмет Байтұрсыновтың абайтанудың негізін қалаушы болғанын да ұмытпауымыз керек, – деді Мәскеудегі Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті Талғат Мықтыбаев.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет