Әзербайжан мұрағатынан Байтұрсыновтың бейнежазбасы табылды - Exclusive
Поддержать

Әзербайжан мұрағатынан Байтұрсыновтың бейнежазбасы табылды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ғалымдар Әзербайжан мұрағатынан қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың бейнежазбасын тапқанын хабарлады.

Министрдің айтуынша, бейнежазба 1926 жылдың 26 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Әзербайжанда өткен түркітанушылардың Бүкілодақтық съезінде түсірілген.

– Біздің ғалымдар Әзірбайжан архивінен Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының видеосы бар таспа мен бұрын жарияланбаған фотосуретін елге жеткізді. 8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Бір қызығы съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Оны да алдағы уақытта табуды міндет етіп отыр жас ғалымдар. Ал, фотосурет Әзірбайжан мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатында істейтін ғалым Фархад Ағзадәнің жеке қорынан алған. Бірінші түркологиялық құрылтайда түсірілген суретте Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар, – деп жазды Саясат Нұрбек.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.