Тоқаев елорданың атауын өзгертуге келісім берді - Exclusive
Поддержать

Тоқаев елорданың атауын өзгертуге келісім берді

Мемлекет басшысы парламент депутаттарының елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтару туралы ұсынысымен келісті. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Депутаттардың бұл ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілген.

– Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс, – деп жазды Желдібай.

Еске салайық, Астана атауын өзгертуге Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған еді.

Фото: Reuters




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.