Сот Тоқаевқа қастандық жасамақ болған азаматқа шешім шығарды - Exclusive
Поддержать

Сот Тоқаевқа қастандық жасамақ болған азаматқа шешім шығарды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 28 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық дайындады деген Аян Атығаевқа 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот процессі жабық режимде өтті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуір айының басында Тоқаевқа қастандық жасамақ болды деген күдікпен шетелдік барлау агентінің ұсталғаны туралы хабарлады. Бұл ретте ҰҚК Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі болып шыққан күдіктінің қандай шетелдік барлауға жұмыс істегенін нақтылаған жоқ.

Сот оны мемлекетке опасыздық, ЕАЭО шекарасы арқылы қару өткізу, президентке қастандық дайындау, терроризм актісіне дайындық, есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және басқа да қылмыстары үшін кінәлі деп тапты. Сот шешімі бойынша Аян Атығаев 17 жылға сотталды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.