Болат Назарбаев жекешелендірген базар мемлекет меншігіне қайтарылды - Exclusive
Поддержать

Болат Назарбаев жекешелендірген базар мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында прокуратураның уәкілетті органға талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Хабарламаға сәйкес, «Найза-БН» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекет үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар байқалған.

Сот талқылауы барысында талап-арызда айтылған дәлелдер расталды. ​Уәкілетті органның өкілі объектіні жекешелендіру мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіре отырып, төмендетілген құны бойынша жүргізілгенімен келісті.

Сот талапты қанағаттандыру және «Найза-БН» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады.

«Прокурордың сотқа талап арыз беруіне уәкілетті мемлекеттік органның заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі негіз болды. Сот талқылауы барысында талап арызда келтірілген дәлелдер расталды», – делінген хабарламада.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, «Найза-БН» ЖШС құрылтайшыларының бірі – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев.

«Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату фактілері расталды. Сот талап арызды қанағаттандырып, «Найза-БН» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *