Жеке мүдде  жоқ - тек бизнес қана - Exclusive
Поддержать

Жеке мүдде  жоқ — тек бизнес қана

Facebook парақшасында болған «техникалық ақаулар» Ресей қаржы мониторингінің, аталған желіні экстремистік және террористік тізілімге енгізу туралы шешімімен бір мезгілде орын алып отыр. Бұл кездейсоқтық па?

Өткен сәрсенбіде Facebook парақшасының белсенді қолданушылары өздерінің профильдерінде көрсетілген тіркелушілер санының 10 мыңнан төмендеп кеткеніне таңданыстарын білдіріп жатты. Украина президенті Владимир Зеленский, тіпті осынау әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг те зардап шеккендердің арасынан табылып отыр. Алайда сол күні кешкілік уақытта олардың барлық тіркелушілері қалпына келтірілген болатын-ды.

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне бақылау жасап, қадағалап отыратын  Meta корпорациясы бұл тіркелушілер санының дұрыс көрсетілмеуіне әкеліп соқтырған, қарапайым техникалық ақаулар болып табылатынын ресми түрде мәлімдеді. Алайда, мұндай әрекеттер аталмыш корпорацияның «боттармен» оқтын-оқтын күресу әдісі саналса да, қарапайым адамдардан бастап әлемнің түкпір-түкпіріндегі  әлеуметтік желілерді пайлаланушыларға дейін бұл жалған аккаунттарды жоюдың белгілі әрекеті деген болжам жасап отыр.

«Қара» сәрсенбі

«Әрине, бұл кездейсоқ болған құбылыс емес», – дейді әлеуметтік желілерде маркетингпен белсенді түрде айналысатын DDA байланыс агенттігінің директоры Юрий Дорохов. Мета өз парақшаларын жалған аккаунттардан тазарту акцияларын үнемі өткізіп отырады. Соңғы кездері Украинадағы жағдайға байланысты бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізіле бастады. 2019 жылдың жазында Instagram-да дәл осындай жағдай орын алған болатын.  Көптеген танымал блогерлер жазылушылар санының күрт азайып кеткеніне шағым білдірген еді. Сондай-ақ АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысы бар деп айып тағылған бірқатар аккаунттарға жаппай тыйым салынғанын да еске түсіре  болады. Осыдан үш апта бұрын, қыркүйек айының соңында Meta  корпорациясы Ресей мен Қытайдың үгіт-насихат ресурстарына байланысы бар деген желеумен Facebook-тегі көптеген аккаунттарға шектеулер қойғаны белгілі.

Юрий Дорохов

Telegram мессенджері – бұл құрылымы бөлек мүлдем  басқа компания саналады, алайда олардың да жалған аккаунттарды анықтауға тырысатынын жақсы білеміз. Бұл қалыпты жағдай саналады: жалған аакаунттардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым сенім азая бастайды. Бұл  әлеуметтік желілердегі адамдардың саны барынша төмен деген сөз, мұндай әрекеттер әлеуметтік желілерде орналастырылған жарнаманың тиімділігінің сөзсіз төмендеуіне әкеліп соқтырады, демек, әлеуметтік желілердің табыс көзі азаяды деген сөз. Яғни, қарапайым пайдаланушылардың сенімі бизнеспен тығыз байланысты, сондықтан әлеуметтік желілер адамдардың тіркелушілер санын жоғалтуға мүдделі емес, бірақ оларға деген сенімін сақтауға тырысу мақсатында бір жағынан боттар мен фейктерді анықтау үшін үнемі тепе-теңдікті сақтап отырады, ал екінші жағынан, адамдардың оны асыра пайдалануынан қорқады. Өткен сәрсенбіде (12 қазан) адамдар мұндай боттар мен фейктерді  шамадан тыс пайдаланғаны белгілі, сондықтан көп ұзамай (кешке дейін) барлығы қалпына келді. Мәселен, менің жазылушыларымның саны бұрынғы деңгейге жетіп, қалпына келтірілді.

Жалған аккаунттар қалай жасалады? 

– Бағдарламалық әдістермен немесе оларды нақты есімдері мен тегі көрсетілген қарапайым адамдар жүргізеді. Осы мақсаттар үшін арнайы SIM карталар сатып алынады және электрондық мекен-жайлары толтырылады. Оларды боттар деп атау дұрыс емес, бірақ бұл да жалған аккаунттар. Әлеуметтік желілер өздерінің алгоритмдерін жетілдіре отырып, жалған немесе шынайы акаунттарды анықтауға тырысады. Сондықтан кей сәттерде желіні пайдаланушылар тіркелушілері мен достарының бір бөлігін жоғалтуы сияқты құбылыстар орын алып отыратыны белгілі.

Мұндай жағдайда блогерлерді көптеген жазылушыларынан айырған фейктерді анықтаудың кезекті әдісін сынау болғанға ұқсайды. Оның үстіне түрлі мөлшерде, бірақ бір деңгейге дейін сыналған көрінеді. 10 мыңнан астам жазылушылары бар адамдар, осы мөлшерге жуық тіркелушілерін жоғалтты. 10 мыңға жуық жазушылары бар адамдар да бірқатар тіркеушілерін жоғалтты. Мәселен, менің бір жарым мыңға жуық жазылушыларым жоғалып кетті. Менің де өзгелер сияқты ренжігенім шындық, бірақ кейін келе мәселе менде емес екенін түсіндім. Осындай әлеуметтік желілерді жасаушы Марк Цукербергтің өзі барлық өзге пайдаланушылармен салыстырғанда үлкен шығынға ұшырағанын көріп, бұл көп ұзамай шешілетін ауытқушылық екенін түсіндім.

– Если бы охваты, действительно, резко бы упали без всякого восстановления, то пользователи – активные блогеры и корпоративные аккаунты, многие из которых ведут свою деятельность от имени живых людей, тоже утратили бы доверие к соцсетям. Причем, к любым. Корпорация Мета, контролирующая Facebook и Instagram – главный игрок на этом рынке. И она, поняв, видимо, что на этот раз их метод несовершенен, быстренько вернула всех подписчиков. Но такие явления, я думаю, будут повторяться ещё много раз.

Ал тіркелушілердің саны қалпына келмесе қандай жағдай орын алар еді?

– Егер қамту шаралары, яғни қол жетімділік шынымен де қалпына келмей күрт төмендейтін болса, онда пайдаланушылардың басым көпшілігі, яғни нақты адамдардың атынан жұмыс істейтін белсенді блогерлер мен корпоративтік аккаунттар әлеуметтік желілерге сенімін жоғалтар еді. Кез-келген әлеуметтік желіге деген сенім сап тыйылатын болады.  Facebook пен Instagram-ды бақылайтын Meta корпорациясы бұл нарықтағы басты ойыншы болып табылады. Корпорация бұл жолы өздерінің әдіс-тәсілдерінің жетілмегенін түсініп, барлық тіркелушілерін тез кері қайтарып алды. Бірақ мұндай құбылыстар, менің ойымша әлі талай қайталанатын тәрізді.

  Боттармен және жалған аккаунттармен күрес сайып келгенде қандай әрекеттермен аяқталатын болады?

–  Әзірше ешқандай әрекеттермен аяқталмайтын сыңайлы. Бұл снаряд пен сауыт арасындағы мәңгілік жекпе-жекке ұқсайды. Мұндай жағдайда екі тарап та жетіліп дамып отыратын сияқты, жалған аккаунттарды жүргізу технологиялары, бағдарламалық технологиялар мен олармен күресу әдістері де бір орында тұрмайды. Менің ойымша, бұл қарама-қайшылық пайдаланушыны қандай да бір биометриялық мәліметтер бойынша – көздің торлы қабығынан немесе саусақ іздерінен анықтау әдісін ойлап тапқанға дейін аяқталмайды. Бірақ мен жалған аккаунттар жасайтын адамдар бір нәрсе ойлап табады деп күдіктенемін.

– Ал тіркелушілер санының төмендеуіне байланысты қалыптасқан жағдай әлеуметтік желілердегі бизнеске (мәселен, маркетингті жүргізуге) әсер етіп үлгерді ме?

– Әрине, жоқ. Ақаулар ұзаққа созылған жоқ. Болған оқиғаны фейктермен және боттармен күресудің жаңа алгоритмдерін тестілеу деп бағалауға болады, бірақ мұндай әрекет сәтсіз болды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың барлығының нақты тіркеушілерінің саны шамамен 10 мыңға тең болуы мүмкін емес, ал жоғарыда айтылғандардың бәрі боттар. Meta корпорациясы сәтсіздікке ұшырағанын мойындай қоймас, бұл екіталай құбылыс, бірақ ол өзінің алгоритмдерін жетілдіруді жалғастыра беретін болады.

– Тапсырыс берушіге көпірме тіркелушілер  қажет пе, себебі кез-келген блогерде олардың саны көптеп саналатын көрінеді?

– Бұл күрделі мәселе, өйткені әлеуметтік желілердің нақты тиімділігі туралы айтатын болсақ, онда, әрине, көпірме тіркелушілердің ешқандай пайда әкелмейтіні айдан анық. Алайда ірі корпорацияларда маркетинг бөлімдері өздерінің табыстары туралы компания басшылығына, ал компания басшылығы өз кезегінде  акционерлерге есеп беруі сияқты белгілі бір бюрократияның болатыны белгілі.

Әлеуметтік желілердегі тіркелушілердің саны, әрине, ең маңызды көрсеткіш емес, бірақ мақтануға себеп болатыны белгілі. Сондықтан, жарнамалық қызметтерді орналастыру бойынша қызметтерді ұсынатын блогерлер үшін олардың саны өте маңызды. Алайда соңғы жылдары тіркелушілерді алдап соғуға болатынын біле тұра, олардың аккаунтқа қандай қатысы бар екеніне қарай бастады. Жалған аккаунттар, ең жақсысы жай ғана лайкпен бағаланады және өздерін өзге қырынан көрсетпейді. Дегенмен, тіркелушілер саны өздерінің жарнамалық қызметтерін ұсынатындар үшін және есеп беру маңызды болып табылатын ірі компаниялардың бөлімдері мен кейбір тәуелсіз корпорациялар үшін өте маңызды саналмақ. Мен бұл жарық сына сияқты жиналатын негізгі көрсеткіш деп айтпас едім, бірақ мұндай әрекеттер ауадай қажет. Сондықтан интернетте мұндай қызметтерді ұсынатын компаниялар әлі де бар. Бағдарламалық түрде жасалған және жүргізілетін боттарды орамалау бойынша аккаунт биржалары, сондай-ақ қарапайым адамдардан сатып алуға болатын биржалар да бар.

Мәселен, қазақстандық аккаунт немесе парақша үшін Үндістан, Пәкістан және Шығыс Еуропа елдерінің пайдаланушыларының лайктары ұсынылады. Бұл тиын-тебен төленетін нақты адамдар, әрине оларды Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың қызықтырмайтыны белгілі. Яғни, мұны мүлдем фейк деп те атай алмаймыз, бірақ оларды нақты пайдаланушылар деп те айта алмайсыз. Бұл әлеуметтік желі нарығының сұр бөлігі саналады, мұндай құбылыс әрдайым болатын тәрізді.

Ал сіз ынтымақтасу қажет деген адамдарға қандай өлшемдер бойынша таңдау жасайсыз? Сіз интернетте бизнес жасайсыз ғой.

– Өзге адамдар қалай әрекет етсе, менде солай жасаймын. Тіркелген адамдардың санын және олардың әлеуметтік желіге қатысуларының арақатынасына қараймыз. Алайда тіркелушілер саны барынша  көп деген адамның өзі үнемі тиімді бола бермейді. Барлығы тапсырыс берушіге байланысты. Кейде іске тіркелушілері аз 10-20 блогерді тартқан дұрыс, олар арзан келеді, кей уақытта бұл туралы тегін жазып та береді, өйткені берілген тақырып оларға қызықты көрінеді. Кейде тіркелген адамдары көп бір-екі блогерге назар аударған пайдалы болмақ, бірақ мұндай кезде не бағасы жоғары болады, не болмаса олардың аталған тақырыпты тегін жазуы үшін көп күш жұмсауға тура келеді. Бірақ кез- келген жағдайда, егер блоггерде, корпоративтік аккаунтта немесе әлеуметтік желілердегі БАҚ-та фейктердің жоғары пайызы бар деген күдік туындаса, сіздің онымен шынымен ынтымақтасқыңыз келмейтіні белгілі.

Әлеуметтік желілердің «жарық» және «көлеңкелі» тұстары

– Мұндай әрекеттер, атап айтқанда тіркелушілер санының төмендеуі –Ресей Федерациясының Қаржылық мониторинг жөніндегі Федералды қызметінің (Ресей қаржы мониторингі) Meta-ны экстремистер мен террористер тізіліміне енгізу туралы 2022 жылғы 11 қазанда қабылданған шешімімен тікелей байланысты екеніне сенімдімін. Ал оған тиесілі Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріндегі жарнамаларды алға жылжыту Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282.3 – бабы бойынша (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) жауапкершілікке тартыла отырып, экстремистік қызметті қаржыландыру деп танылуы мүмкін, – дейді ресейлік қаржыгер Андрей Черепанов.

Андрей Черепанов

– Пайдалушыларға тіркелген адамдардың санын 10 мыңға жеткізе отырып олар «құқық қорғау органдарының» назарын аударуы  және/немесе олардың парақшаларында Meta-ға табыс әкелетін жарнамалар белсенді бола бастауы әбден мүмкін. Әрине, Facebook әрбір жеке қолданушы үшін (ол Ресейде тұра ма, жоқ па) мұндай тәуекелдермен күресуді қолға алмады және мүмкіндігінше барлығын жапа тармағай қорғауға бел буды. Осылайша, әрбір тіркелуші үшін тәуекелдердің төмендеуі өте маңызды болмақ, өйткені олар да «…экстремистік қоғамдастықтың немесе экстремистік ұйымның қызметін қамтамасыз ету үшін… қаражат жинағаны» үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бүгін, «қара» сәрсенбіден кейін бір апта өткен соң, мен өз пікірімде қала беремін. Өйткені, ФБ-ның  іс-қимылдары Ресей қаржы мониторингінің шешімімен сәйкес келді және пайдаланушылар мен тіркелушілердің қаупін азайту үшін қисынды әрекеттер болды. Бірақ мен тіркелушілер санын қалпына келтірудің себебін білмеймін. Мұндай әрекеттер пайдаланушылардың наразылығынан немесе ФБ басшылығының көңіл-күйінің өзгеруінен болуы мүмкін. Бәлкім,  мұндай әлеуметтік желі қоғамның назарын елеулі тәуекелге аударып, осылайша өз миссиясын орындады деп санаған болар. Бұл сондай-ақ ФБ өз пайдаланушыларының тәуекелін азайтуға шешім қабылдады, ал жоғары тұрған ұйым мұны басы артық әркет санап, мұндай бастаманы тоқтатуды тапсырды деген тәрізді «жергілікті бастама» да болуы мүмкін. Meta-ның мәлімдеген «кешіріңіздер, техникалық ақау» ресми жауабы да осындай қорытындыға итермелейді.   Meta-ның «сауаттылығы соншалықты, бұдан артық ештеңе ойлап таба алмайсың. Мен блогерлер тіркелушілерін біраз уақыт дейін жоғалтып алды айта алмаймын. ФБ олардың профилінде көрсетілген тіркелушілердің санын, яғни барлығына мәлім санды ғана қықартып көрсетті, өйткені ол «жарық» болып табылады.  Алайда тіркелушілер құрамында (санында) нақты төмендеу байқалған жоқ, олар жай ғана «көлеңкеге» ауыстырылды.

Ар-ұждан саудасы

– Жалған тіркелушілерге толы оқиғалардың барлығы бір кездері аяқталуы тиіс. Аудиторияның өсуі монетизацияға тікелей байланысты болмаса, еш нәрсе бола қоймас еді, – дейді блогер әрі публицист Дана Орманбаева. – Жарнама арқылы күн көретін және сол үшін тіркелушілерді алдап жүрген аккаунт иелері үш мәрте арам пиғыл жасайды. Бастапқыда өзге де ізбасарларымен бірлесе отыра, тіркелушілерді өздерінің «танымалдығына» тартады, содан кейін «сабан қуыршақты» бойларына дарытатын жарнама берушілерге қатысты жағымсыз әрекеттер жасай бастайды, ал үшіншісі алдау, әдетте, жарнамаланған өнімнің өзі алдап-арбаудың негізгі құралына айналатыны белгілі.  Өйткені, келісім-шарттардың көпшілігі тек ақша үшін жасалған және онда пайдалы ақпараттың немесе жаңа білімнің иісі де жоқ.

Дана Орманбаева

Әлеуметтік желіні көптен бері қолданушы және журналист ретінде мен мүмкіндігінше өз аудиторияма «қоқыстарды», яғни  қажетсіз ақпарат ағындарын қалай танып-білуге болатынын айтып беруге қашанда уақыт табамын, мұндай қажетсіз нәрселерге өздерінің ми ресурстарын жұмсаудың басы артық дүние екенін түсіндіруге тырысамын, өзге біреудің жетістігіне сүйсінудің де қажетсіз екенін ұғындыруға ұмтыламын. Бүгін сізге қандайда бір «сән-салтанатты тұрғын үй кешенін» ұсынады, ол туралы мега-жарқын иллюстрациялар мен көптеген басы-артық нәрселерді көрсетіп, сізді шатастыра бастайды, ал ертең сүйікті адамыңыз келесі тұрғын үй кешенінің «төбесіне» қарай оңай ауыса бастайды, сөйтіп бұрынғы құмарлық арқылы сізді алдыңғы клиентінің бәсекелесінен жылжымайтын мүлікті сатып алуға итермелейтін болады.

Олар маған жарнаманы сала ретінде ешкім жойған жоқ, әлемнің барлық арналары пепси мен коланы бір блокта жарнамалайды дейтін болар. Алайда, желідегі мұндай кәсіп түрі менің ойымша, жағымсыз сипаттарға ие, оған жүйелі қасиеттер тән емес, қадағаланбайды, бір жүйеге реттелмейді кәсіби процесті басқарусыз әрекет етеді. Пост-stories ықпал ету қолданушысын, яғни инфлюенсерін өмірге әкеліп, қалыпқа келтіріп, бейімдеп «аңшылыққа» шығарады, бір сөзбен айтқанда жарнама жасай немесе бейнелеп айтқанда жеке мүдесі үшін «өлтіре» бастайды. Оның үстіне ешкім еш нәрсеге  жауапты емес. Осындай себептерге байланысты қаржылық пирамидалар біздің көз алдымызда қарша жауа бастады. Ал халықтың білім деңгейі төмен бөлігі қулық-сұмдық пен табыс уәдесінің жетегінде кете береді. Заңды білмеу ешкімді, оның ішінде сауатсыздығы үшін де жауапкершіліктен босатпайтыны сөзсіз. Алайда, егер бұл құбылыс бұрын заңмен реттелген болса, қоғам мұндай қаржылық пирамидаларды жарнамалаған жігіттерге де, олардың уәделеріне алданып қалған адамдарға да өкінішпен және жанашырлықпен қарайтын драмалық оқиғалардан аулақ болар еді.

Сондықтан әлеуметтік желілердегі монетизация – бұл екі ұшы бар таяқ іспетті. Бір жағынан, кәсіпкерлік саласындағы жаңашылдық саналады. Желідегі кәсіптері даралығымен, креативтілігімен ерекшеленетін  және басқарудағы кәсібилігін құрметтеуге шабыттандыратын парасатты аккаунт иелері де бар (олардың саны көп емес). Алайда, өкінішке орай осындай жағдайлардың басым көпшілігі құзіреттіліктің төмендігі, жеке қызығушылық, көзді жұмып қарау, алаяқтық және алдау туралы оқиғаларға құрылатыны белгілі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *