Болат Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды - Exclusive
Поддержать

Болат Назарбаевқа тиесілі 300 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтан 300 мың гектарға жуық жер алынды.

Бұл туралы Amanat партиясы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Еран Саиров мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Қазіргі уақытта мемлекетке Маңғыстау облысында 239 мың га және Жамбыл облысында 60 мың га жер қайтарылды, олардың меншік иесі Болат Назарбаевтың еншілес компаниялары болды, – деді Саиров.

Саировтың айтуынша, бұған дейін Бас прокуратурамен бірлесіп, аумағы 244 га болатын 59 жер учаскесі анықталған. Жердің меншік иесі Болат Назарбаев болған.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *