Министр 4 ай ішінде Қазақстан экономикасы неше пайызға өскенін айтты
Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, өрт қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-сәуір айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндама жасады.
Баяндамаға сәйкес, биыл өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ға өскен. Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 4,9%-ды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика тіркеліп отыр, әсіресе, құрылы, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті.
Сондай-ақ 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға жоғары. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,6%-ға ұлғайды.
Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 10 өңірде тіркелді: Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы.
Фото: ашық дереккөз
#Министр #Қазақстан #Министр
Комментариев пока нет