Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды - Exclusive
Поддержать

Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды

Камиль Ақатов ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, – деп жазылған хабарламада.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін бітірген.

2015-2016 жылдары «Қазақстандық МЖӘ орталығы»АҚ жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылға дейін — «Зерде «ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас менеджері, аға менеджері, басқарма бастығы, департамент директоры болып қызмет атқарды.

2022 жылы «qazinnovations инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ғылым және жоғары білім вице-министрі болды.

Фото: Gov.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.