АҚШ Қазақстанға қылмыстық активтерді іздеуге және елге қайтаруға көмектеседі - Exclusive
Поддержать

АҚШ Қазақстанға қылмыстық активтерді іздеуге және елге қайтаруға көмектеседі

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ. Тәшімбаев бастаған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФТБ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, сұрау салуларды электрондық форматта беру, киберқылмыспен күрес саласында тәжірибе алмасу, сотталғандарды ұстап беру және беру туралы шарттар жасасу мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Т.Тәшімбаев америкалық әріптесіне а.ж. 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылғаны туралы жеткізді, оның негізгі мақсаттарының бірі елден заңсыз шығарылған қаржы қаражатын қайтару болып табылады, – делінген хабарламада.

АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендеріне сендірді. Тараптар бірлескен күш-жігермен ғана трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы тиімді күрес жүргізуге болады деген өзара пікірге келді.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *