«Аққа Құдай жақ»: Бақытгүл Хаменова жеті жылға сотталды
Атырау облысы әкімінің орынбасары болған Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды.
Сот шешімі бойынша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 3-блімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танылды.
– Бұл шешіммен мүлде келіспеймін. 11 ай бойы тар қапаста жатқанда да ақиқатты айтып, осымен күрестім. Күресе де береміз. Адвокатым мен қаумалаған елім бар. Аққа Құдай жақ. Осы сәтті пайдаланып шибөрідей шулаған тобырдың ғайбатына емес, шындық пен дәйекке сенге БАҚ өкілдеріне, блогерлерге, халқыма алғыс айтамын. Әлі аппеляциялық сот, жоғарғы сот, халықаралық сот бар. Адамның есебінен құтылса да, Алланың есебінен құтылмайды. Әрине, өкінішті. Бүгін әділетсіздік пен қиянат салтанат құрған күн болды, – деді Бақытгүл Хаменова.
Еске салайық, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен қамалды.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.