English version

Ақпарат министрі тағы төрт жаңа қызметке тағайындалды

Контекст дня — 14 октября 2022 16:30
0 -1

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі тағы төрт жаңа лауазымға тағайындалды.

Үкімет тапсырмасына сай Дархан Қыдырәлі «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» АҚ коммерциялық емес ұйымының директорлар кеңесінің құрамына кірген.

2019 жылы үкімет қаулысымен құрылған орталық Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған. ҚазТАГ дерегінше, қаулы қолданысқа енгізілген.

Дархан Қыдырәлі үкімет қаулысымен «Қоғамдық даму жөніндегі қазақстандық институт» директорлар кеңесінің құрамына және мемлекеттік «Егемен Қазақстан» республикалық басылымының бақылаушылар кеңесінің құрамына кірді.

Сондай-ақ Ақпарат министрі Қазмедиа орталығы компаниясының бақылаушылар кеңесінің құрамына енді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.