АҚШ: Қазақстандық боксшы мексикалықты нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіби рингте кезекті рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Әбілхан Аманқұл тәжірибелі мексикалық Даниэль Эчеверриамен жекпе-жекке шықты. Жекпе-жек екінші орта салмақта өтті және сегіз раундқа есептелді. Қазақстандық боксшы үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Еске салайық, Әбілхан Аманқұл 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді. Сондай-ақ ол 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлде және 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлде иегері.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.