АҚШ: Қазақстандық боксшы жекпе-жектен кейін комаға түсті
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Морреллден жеңілгеннен кейін комаға түсті.
– Айдос Ербосынұлы комада жатыр, – деп хабарлады бокс ардагері Дэн Рафаэль.
5 қараша күні Миннеаполис Армори қаласында WBA супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті.
Жекпе-жек 12-раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Төреші Тони Уикс жекпе-жекті тоқтатып, Моррельдің жеңісін нокаутпен санады. Бұған дейін Айдос нокдаунға түскен еді.
– TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге және біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Оның жеке өмірі мен отбасына деген құрмет үшін бөгде ақпаратты айта алмаймыз, – деп жазылған TGB Promotions және PBC промоутерлерінің мәлімдемесінде.
Фото: NoLimitBoxingPromotions

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.