Ya Metrika Fast


English version

АҚШ Газа секторына гуманитарлық көмек жіберді

Контекст дня — 3 марта 2024 17:40
0
Изображение 1 для АҚШ Газа секторына гуманитарлық көмек жіберді

АҚШ және Иордания королдігі әуе әскері күштерінің бірлескен операциясының нәтижесінде америкалық әскери ұшақтар Газа секторының тұрғындарына азық-түліктер жеткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Желіде әскери ұшақтардың парашютпен азық-түлікті жеткізген сәтінен бейнежазбалар жарияланды.

– АҚШ Қорғаныс министрлігінің Гуманитарлық авиациясы АҚШ үкіметінің Газа тұрғындарына өмірлік маңызды гуманитарлық көмек көрсетудегі үздіксіз күш-жігеріне ат салысуда. Біз әуе көмегін жеткізу бойынша кезекті миссияларды жоспарға алып отырмыз. Бұл Газаға көбірек көмек көрсету үшін, соның ішінде жер үсті дәліздері мен маршруттар арқылы көмек ағынын кеңейтудегі тұрақты күш-жігердің бір бөлігі болып табылады, – деп жазылған хабарламада.


Өткен аптада Газада азық-түлік тарату кезінде 110 палестиналық гуманитарлық көмекке таласып, көз жұмды. Сол себепті азық-түлік жеткізудің әдісі өзгерді.

Айта кетейік, көптеген гуманитарлық ұйымдар азық-түлік жеткізудің бұл әдісін сынға алды. Олардың пікірінше, азық-түлік дәліздер арқылы жетуі тиіс.

Фото: BBC


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.