English version

АҚШ пен Қытай қақтығысы: Қазақстан өз ұстанымын айтты

Контекст дня — 4 августа 2022 14:50
0 -1

Қазақстан Тайваньды Қытай аумағының ажырамас бөлігі деп санайды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

– Қазақстан Республикасы бір Қытай қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды, – деп атап өтті СІМ ресми өкілі.

Ол Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және БҰҰ Жарғысын сақтауды жақтайтынын, бұл мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы № 2758 қарарын ұстанатынын айтты.

– Шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарлары ҚХР Үкіметімен келісілуі тиіс деп ойлаймын, – деді Смадияров.

Фото: DW


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.