English version

АҚШ Әскери-әуе күштерінің хатшысы Қытаймен соғысқа дайын болуға шақырды

Контекст дня — 14 сентября 2023 18:20
0 -1

АҚШ әскери-әуе күштерінің хатшысы Фрэнк Кендалл Қытайдың АҚШ-қа қауіп төндіретінін айтты.

Елдің әуе және ғарыш күштерін тез арада жаңартуу керегін айтқан ол соғысқа дайын болу керектігін жеткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Біз заманауи тәжірибеміз жоқ соғысқа дайын болуымыз керек. Экстремистік ұйымдардың шабуыл қаупі әлі де бар. Бірақ біз бұл қауіп-қатерлерге олар туындаған кезде әрекет ете аламыз. Әзірге, Қытай — біздің басты міндетіміз, – деді Кендалл.

Сондай-ақ, Кендалл Қытайдың соңғы 20 жылда қару-жарағын, соның ішінде техникалық қаруларын қарқынды дамытып келе жатқанын айтты.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.