АҚШ соты Әбіләзовке үкім шығарды
АҚШ аудандық соты Мұхтар Әбіләзовтың сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзғаны үшін түпкілікті шешім шығарды.
Шешімге сәйкес, Әблязов бір жыл бұрын шығарылған сот қаулысын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған Алматы мен «БТА Банкі» шығындарының өтемақысы ретінде 140 115,60 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынды. Егер ол талапты елемейтін болса, күніне 1000 доллар айыппұл төлейді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ соты Мұхтар Әбіләзовті барлық кіріс көздері мен мүлкін жария етуге міндеттеген еді.
2020 жылдың ақпанында сот Әбіләзовты дәлелдемелерді жария етуге қатысудан бас тартқаны үшін БТА банкі мен Алматы қаласына 140 115,60 доллар төлеуге міндеттеді.
Мұхтар Әбіләзов жалған несиелер беру арқылы БТА банктен миллиардтаған доллар жымқырған. Сондай-ақ Қазақстанда бұған дейін де сотталып, Ұлыбритания соты оны кінәлі деп таныған.
Фото: Коммерсант
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.