Ya Metrika Fast


English version

АҚШ ядролық қаруын сынақтан өткізсе, біз де сынап көреміз – Путин

Контекст дня — 21 февраля 2023 18:01
0
Изображение 1 для АҚШ ядролық қаруын сынақтан өткізсе, біз де сынап көреміз – Путин

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Жолдау жасап, Украинамен соғыс, санкциялар тақырыбында пікір білдірді. Путиннің айтуынша, АҚШ ядролық қаруды сынауы мүмкін, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– АҚШ-та ядролық оқ-дәрілердің жекелеген түрлерінің жарамдылық мерзімі аяқталатынын білеміз. Олар өздерінің ядролық қаруын табиғи сынау мүмкіндігі туралы ойланады. АҚШ-та ядролық оқ-дәрілердің жаңа түрлері әзірленіп жатқаны туралы ақпарат бар, – деді Путин.

Сондай-ақ ол АҚШ ядролық қаруды сынаған жағдайда Ресейдің қалай әрекет ететінін айтты.


– Бұл жағдайда Ресей Қорғаныс министрлігі мен Росатом Ресейдің ядролық қаруын сынауға дайын болуын қамтамасыз етуі керек. Егер АҚШ ядролық қаруын сынақтан өткізсе, біз де сынап көреміз, – деді Ресей президенті.

Фото: Радио Свобода


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.