English version

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қамауға алынды

Контекст дня — 12 февраля 2023 17:05
0 -1

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев ұсталды. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Имантаев Ақтөбе облысын 2002-2004 жылдары басқарды. 2019 жылдан 2021 жылдың наурызына дейін «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын басқарды.

Ақтөбе мамандандырылған сотының қаулысымен Ермек Имантаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Имантаев бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл арқалауы мүмкін немесе 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қамауға алынды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.