Ақтөбеде бұрынғы әкім сотталды
Ақтөбеде бұрынғы аудан әкімі сотталды. Ол танысына жер учаскесін уәде етіп, миллион теңгеден астам қаражат алған.
2020 жылы Ақтөбе әкімдігі аппаратының басшысы лауазымында жұмыс істеген кезде Абат Көбенов танысына жер учаскесін алып беру сылтауымен одан 1 миллион 383 мың теңге алған. Ақша шенеуніктің карточкалық шотына аударылған.
Абат Көбеновке алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, іс Ақтөбедегі қылмыстық сотта қаралды. Айыпталушының өзі қылмыстың кінәсін толық мойындады.
Сот Абат Көбеновті үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
2022 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығында Абат Көбенов Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі болып жұмыс істеді. Бұған дейін Ақтөбе әкімі аппаратының басшысы болған.
Фото: diapazon.kz

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.