English version

Ақтөбеде жемқорлықтан қайтарылған ақшаға мектеп салынады

Контекст дня — 3 ноября 2022 18:10
0 -1

Ақтөбе облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі лауазымды тұлғалар 197 миллион теңге сомасында келтірілген залалды өтеді.

Облыс әкімдігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға көрсетілген соманы пайдалану туралы шешім қабылданып, проблемалы деп танылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Құмжарған ауылында мектеп 2019 жылдың қаңтар айында ашылып, ескі мектепте (1974 жылы салынған) оқыған 54 отбасынан шыққан балалардың мәселесін шешу жоспарланған.

Алайда, мердігер компанияның міндеттемелерін орындамауына және немқұрайлылық танытуына байланысты мектеп жұмысы іске қосылмаған. Қазіргі уақытта нысанға жаңа мердігер тартылып, оны аяқтау үшін 150 миллион теңге бөлінеді.

Сондай-ақ ақшалай қаражаттың бір бөлігі Ақтөбе қаласының аумағында Қазақстандағы ең ірі workout алаңдарының бірін салу үшін пайдаланылады.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Ақтөбеде жемқорлықтан қайтарылған ақшаға мектеп салынады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.