Ya Metrika Fast


English version

Қаңтар оқиғасы бойынша 25 айыпталушыға үкім шықты

Контекст дня — 19 мая 2023 17:10
0
Изображение 1 для Қаңтар оқиғасы бойынша 25 айыпталушыға үкім шықты

Бүгін Алматыдағы N2 Бостандық аудандық сотының залында қаңтар оқиғасы бойынша 25 азаматқа үкім оқылды, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Олар «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты», «қару-жарақ ұрлады», «ғимараттарға шабуыл жасады» деп айыпталған.

Прокурор оларға 2-4 жыл аралығында түрме және шартты жаза сұрады.


Сот айыпталушылардың барлығына шартты жаза тағайындады. Айта кетейік, Думан Қанатбек Қаңтар оқиғасында қайтыс болған еді.

– Қамауда болғандардың барлығы босатылды. Олар пробациялық бақылауда болады, – деді адвокат Айнара Айдархан.

Фото: azattyq


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.