«Қаңтар оқиғасы» бойынша рақымшылық жасау ерекше бақылауда – Бас прокурор
Бас прокурор Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндама жасады.
Бас прокурор «Қаңтар оқиғасы» бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында тұрғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ қылмыстық салада 1,8 мыңнан астам тұлғаның конституциялық құқығы қорғалған.
– Прокурорлардың наразылығы бойынша 866 үкім жойылып, өзгертілді. 183 сотталушының жағдайы жақсартылды, 20 адам ақталды. Бизнесті қорғау саласында 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Жер қойнауын пайдалану мен автомобиль жолдары салаларында жүйелі заң бұзу фактілері анықталған. Индустрия министрлігі кен өндіруге дайын тұрған 144 кен орнын барлауға келісімшарттар берген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке міндетті 96 миллиард теңге төлемегені анықталған. Құны 43 миллиард теңгені құрайтын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 миллиард теңге болатын 140 мың гектар жер қайтарылды. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың гектар жер қайтарылады, – деп жазылған баяндамада.
Фото: Спутник

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.