Қаңтар оқиғасы: ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды
Алматы облысы ҰҚКД бұрынғы басшысы Сәбит Құрманалиевке қаңтар оқиғасына байланысты үкім шықты, деп хабарлайды Exclusive.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілеттігінен асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтарда болған оқиғаларды ескере отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға Департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген. Нәтижесінде ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеп соқты, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшысына Сәбит Құрманәлиевті ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді.
Фото: Азаттық



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.