Қаңтар оқиғасы: көлік ішінде өртеніп кеткен ерлі-зайыптыға қатысты іс тоқтатылды
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Республика алаңының маңында көлігімен бірге өртеніп кеткен ерлі-зайыпты Қуат Біткембаев пен Гүлзифа Құлсұлтанованың қазасына қатысты тергеу ісі тоқтады, деп хабарлайды Exclusive.kz Азатыққа сілтеме жасап.
Әскери-тергеу басқармасының қаулысында «48/386 әскери бөлімі жауынгерлерінің 2022 жылғы 7 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік, антитеррористік операция мен төтенше жағдай кезіндегі әрекеті заңды» деп жазылған.
Қаңтарда қаза тапқан марқұмдардың ұлы Дәурен Біткембаев әскерилердің көлікті әбден атқылағанын айтып, шешіммен келіспейтінін мәлімдеді.
– Әкемнің бас сүйегінен өзім тауып алған қорғасынды сырттан атылған оқтың қорғасыны деп танымаған. Бұл адамдар оқты бір-екі рет дөңгелекке атып, қорғанып бақылауына болар еді ғой. Жоқ, олар көлікті әбден атқылаған. Ойлашы, машинадан 50 шақты тесік таптық, – деді ол.



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.