Қаңтар оқиғасы кезінде «әрекетсіздік танытты» деген Бектанов сотталды
Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы бойынша 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Бектанов қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 24.02.2023 жылғы үкімімен ҚР ҚК 451-бабының 3-бөлігі бойынша сотталды (билікті асыра пайдалану), оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінген сот үкімінде.
Еске салайық, 2022 жылғы 19 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты Қорғаныс министрі қызметінен босатып, оның орнына Руслан Жақсылықовты тағайындады.
Қорғаныс министрі қызметін жарты жыл ғана атқарған Мұрат Бектанов қамауға алынды. Экс-министрге Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік етті деген айып тағылған.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.