Қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Ембімұнайгаз» компаниясының тәуелсіз директоры болып тағайындалды.
Қырымбек Көшербаев 1955 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Көшербаев еңбек жолын «Главриссовхозстрой» кәсіпорнында инженер болып бастаған. Кейін түрлі сала бойынша министр, БҚО, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының әкімі, Ресейдегі, Финляндиядағы, Армениядағы Елші, президенттің кеңесшісі, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылы Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігін басқарды. Сол жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Көшербаевты қаңтар оқиғасы тұсында отставкаға жіберді. Оның орнына Ерлан Қарин мемкеңесші болып тағайындалды.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.