Қаңтар оқиғасында ту ұстап танылған азамат ауыр халде жатыр
Қаңтар оқиғасы кезінде көк байрақты оттың ортасынан алып шыққан Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті. Бұл туралы белсендінің анасы Ақлима Мұқашева мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Берік Әбішев қазір Жамбыл аудандық ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Анасының айтуынша, Берік көзін ашқан, бірақ жағдайы нашар.
– Жағдайы өте әлсіз. Анализ инфекция көрсетіп тұр дейді. Көзін ашқан, бірақ әзірге сөйлей алмайды. Зондпен тамақ беріп жатыр, – деді анасы.
Еске салайық, 6 қаңтарда алаңға шыққан Берік Әбішевтің басына оқ тиіп, ауыр жарақат алды.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.