Қаңтарда мал қарауға шыққан азаматты атып өлтірген Злуняев сотталды
Алматыда Қаңтар оқиғасы күндері Талдықорған қаласындағы әскери бөлім маңында мал қарауға шыққан 24 жастағы Ерназар Қырықбаевқа оқ атты деп айыпталған күдікті Марк Злуняевке сот үкімі шықты. Ол алты жылға сотталды.
Азаттық мәліметінше, Талдықорған қаласындағы шабуылдаушы әскери десант бөлімінің қызметкері Марк Злуняев сәрсенбі күні сот залынан бірден қамауға алынған.
Марк Злуняевтің адвокаты әскери қызметкер Қаңтар кезінде «міндетін орындап, әскери бөлімді қорғады, сол үшін оны ақтау керек» деген пікір айтты.
Жәбірленуші жақтың адвокаты «істі билік өкілетін асыра пайдалану емес, қасақана адам өлтіру бабы бойынша қарау тиіс еді» деген пікірде.
Еске салайық, 5 қаңтар күні Талдықорған қаласының шетіндегі әскери бөлім маңында мал қарауға шықққан 24 жастағы Ерназар Қырықбаев оққа ұшты. Әскерилер бұйрыққа бағынбаған салт аттыға қарсы қару қолданған.
Фото: Азаттық

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.