English version

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің әкесі мәлімдеме жасады

Контекст дня — 4 марта 2023 17:00
0 -1

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда 4 жасар Айкөркем Мелдехан оққа ұшты. Наразылық шеруі жаппай тәртіпсіздікке жалғасқанда көліктегі бүлдіршінше оқ тиген, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Malim.kz мәліметі бойынша, Айкөркемнің әкесі әділдік орнауын талап етеді. Сондай-ақ халықаралық ұйымдардан көмек сұрады.

– Маған ештеңе керек емес. Айкөркемді өлтіргені үшін кінәлілер жауапқа тартылсын және жарақат алған 16 жастағы қызымды емдеуге көмектессін. Бұл істі тәуелсіз тергеу қажет. Қазақстанда әділеттілік жоқ. Мен халықаралық ұйымдардың қолдау көрсетуін сұраймын, – деді Айдос Мелдехан баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстан ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы күдіктінің іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі жауып тастады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.