Қаңтарда ұсталған полиция қызметкері рақымшылыққа ілігуі мүмкін
Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған құқық қорғау органдарының бір қызметкері рақымшылыққа ілігуі мүмкін.
– Бүгінгі таңда құқық қорғау саласынан 49 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Олардың біреуі ғана рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Іс әлі сотқа өткен жоқ. Қалғандары азаптау және өкілеттігін асыра пайдалану туралы баптар бойынша айыпталған және рақымшылыққа ілікпейді, – деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.
Әсет Шындалиевтің айтуынша, рақымшылыққа шамамен 1,5 мың адам ілігеді. Олардың қатарында жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар, ұрлық жасағандар бар.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында жұртшылықпен кездесу кезінде Қаңтар оқиғасына туралы пікір білдірді.
– Жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап береді. Қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады, – деді Тоқаев.
Фото: NUR.KZ

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.