Қаңтарда жұмыс орнынан кетіп қалған Күдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізіледі
Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Жетісу облыстық соты хабарлағандай, Күдебаевтың сырқатын растайтын мәлімет жоқ.
– С. Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы 3 сәуірге сағат 10.00-ге кейінге қалдырылды. Сотталушының сот отырысына келмеді. Сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ. Осыған байланысты сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды, – деп хабарлады облыс сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды.
Фото: NUR.KZ
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.