Ақтау және Құрық порттары: Тоқаев БАӘ Инвестициялар министрімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында БАӘ Инвестициялар министрі Мұхаммед әл-Сувейдимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінге, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед әл-Сувейди бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.
– Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 10 ГВт болатын төмен көміртекті энергетиканы дамыту жөніндегі меморандумға және қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының жобасы бойынша Masdar компаниясымен Үкіметаралық келісімге қол қоюдың маңыздылығы атап өтілді. Президенттің пікірінше, AD Ports Group компаниясымен арадағы тұрақты серіктестік Ақтау және Құрық порттарын Каспий теңізіндегі басты теңіз хабына айналдыруда маңызды рөл атқарады, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ кездесуде Presight пен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ QazaqGaz және «Қазақстан темір жолы» компанияларының қатысуымен іске асырылатын жасанды интеллект саласындағы стратегиялық келісімдер талқыланды.
Фото: aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.