Ya Metrika Fast


English version

Ақтауда 65 млн теңгеге салынған ескерткіш қираудың алдында тұр

Контекст дня — 25 февраля 2024 17:00
0
Изображение 1 для Ақтауда 65 млн теңгеге салынған ескерткіш қираудың алдында тұр

Ақтауда саяси қайраткер Тобанияз Әлниязұлына арнап салынған ескерткіштің тұғыры қираудың алдында тұр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі «Лада» басылымына сілтеме жасап.

Журналистерге қала тұрғындары хабарласып, ескерткіш тұғырынан арматура шығып тұрғанын жеткізген. Қазіргі уақытта қаланы абаттандыру объектілерін күтіп ұстаумен айналысатын мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Кейін қалпына келтіру жұмыстары басталады.


Басылымның мәліметінше, бұл 12-ші шағын ауданның саябағында орнатылған Тобанияз Әлниязұлының екінші ескерткіші. ҚР Мемлекеттік сатып алу сайтының деректеріне сәйкес, ескерткішті жаңарту құны 65,3 млн теңгені құраған.

Фото: Лада


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.