Ya Metrika Fast


English version

Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады

Контекст дня — 20 июня 2023 16:50
0
Изображение 1 для Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады

Бүгін Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізіп, қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасап, Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор екенін атап өтті және Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылатынын хабарлады.


Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалады.

– Сіз Германия мен Қазақстан арасындағы ұзақмерзімді қарым-қатынас жөнінде айттыңыз. Шын мәнінде, біздің байланыстарымыз берік. Былтыр екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында ынтымақтастығымыз нығая түсті. Бұған Қазақстанда өмір сүретін неміс диаспорасы және Германия Федеративті Республикасына Қазақстаннан көшіп келген бір миллионға жуық немістер үлес қосты. Олар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандырды. Осы сапар арқылы екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарға қатысты ұстанымдарымыз ортақ екенін жеткізгім келеді. Өзіңіз атап өткендей, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен серіктестікті кеңейтіп, қарым-қатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз, – деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.