Ya Metrika Fast


English version

Ақтауда екі жігітті атып, қашып кеткен күдіктілер ұсталды

Контекст дня — 13 ноября 2022 18:10
0
Изображение 1 для Ақтауда екі жігітті атып, қашып кеткен күдіктілер ұсталды

12 қараша күні Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген. Олардың біріне оқ тиген, екіншісі тізе буынынан жарақат алған.

Бұл оқиғаға байланысты Ақтау қаласы криминалдық полиция қызметкерлері 6 күдіктіні ұстады.

– Осы оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, – деп жазылған полиция хабарламасында.


Бұл факт Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі және 99-бабы 2-бөлімі 9-тармағы (бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.

Фото: скриншот


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.