Ya Metrika Fast


English version

Абаев тұсында өткен «Еуразия» халықаралық кинофестивалі тексеріліп жатыр

Контекст дня — 2 июня 2023 17:10
0
Изображение 1 для Абаев тұсында өткен «Еуразия» халықаралық кинофестивалі тексеріліп жатыр

Мәдениет және спорт министрлігін Дәурен Абаев басқарған уақытта болған заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылғы «Еуразия» халықаралық кинофестивалін өткізу қаншалықты заңды болғаны туралы тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Антикор мәліметті КазТаг-қа растады. Бірақ тергеу құпиясына сәйкес басқа деректер жария етілмейді.


Еске салайық, Дәурен Абаев 2022 жылдан бастап 2023 жылдың қаңтарына дейін Мәдениет және спорт министрі болды. Оған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Биылғы жылдың наурыз айынвн бастап Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болды.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.