Абай ауданындағы өрт: 14 орман шаруашылығы қызметкері жоғалып кетті
Абай облысындағы өрт сөндіру жұмыстары кезінде 14 орман шаруашылығы қызметкері хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Өртті ауыздықтауға 662 адам мен 177 техника, алты тікұшақ жұмылдырылғаны айтылды.
– Қазіргі уақытта орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс жоқ. Оларды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Министр Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын тоқтатты.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.