Абай облысындағы орман өрті туралы іс сотқа жолданды
Бас прокуратура Абай облысындағы ірі орман өрті туралы істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
2023 жылы 8 маусым күні Абай облысының «Семей орманы» табиғи резерватында өрт шықты.
Өрт 60 мың гектарды шарпыған. Апатты жағдай салдарынан «Семей-орман» резерватының 14 қызметкері қаза тапты.
Сарапшылар өртке ағаш діңіне найзағай түсуі себеп болғанын айтады.
Бас прокуратура «Семей-Орманы» резерваты мен Новошульба филиалының басшылығы өртті сөндіруді ұйымдастырмағанын, жағдайды дұрыс бағамдамағанын және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегенін мәлімдеді.
ТЖ бойынша экология министрлігі лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.