Ya Metrika Fast


English version

Абай облысындағы өртке қатысты министрлер мен әкімдерден жауап алынады

Контекст дня — 14 июня 2023 14:30
0
Изображение 1 для Абай облысындағы өртке қатысты министрлер мен әкімдерден жауап алынады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Бас прокурордың орынбасары тергеу енді басталғандықтан, шенеуніктердің әрекеттеріне әлі баға берілмегенін атап өтті.

Журналистер Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасарынан «экс-министр Юрий Ильин, экология министрі Зульфия Сүлейменова, сондай-ақ облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап алынады ма?» деп сұрады.


Олардан міндетті түрде жауап алынады. Қазір өзге де тергеу әрекеттері, оның ішінде жедел-іздестіру сипатындағы іс — шаралар жүргізіліп жатыр, деп жауап берді ол.

Коллаж: El.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.