English version

Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасыларына пәтер берілді

Контекст дня — 15 июня 2023 18:10
0 -1

Абай облысындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орманшылардың отбасыларына жаңа пәтердің кілті берілді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

14 орманшымен қатар тракторшы Сергей Архиповтың отбасына да пәтерлердің кілті табыс етілді. Пәтерлер Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданында орналасқан.

Айта кетейік, пәтерлер жиһаздармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Еске салайық, бұған дейін қаза тапқан 14 орманшының отбасыларына 7 млн теңгеден, әр балаға 2 млн теңгеден бөлінетіні айтылған еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.